ӘУЕЖАЙДАҒЫ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 85%-ҒА ОРЫНДАЛДЫ

101
0
Шымкент халықаралық әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жеке инвестициялар есебінен жалғасуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Бүгінгі таңда, терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждау 98%-ға, желдеткіш жүйелерін орнату 95%-ға атқарылған. Сонымен қатар, багаждық жүйенің құрылғыларын, лифтілер мен эскалаторларды орнату және инженерлік желілерін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезеңде 12 лифтінің 9 данасы, 12 эскалатордың 10 данасы орнатылып, жалпы жоба 85%-ға орындалған.
Қала әкімдігі тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, Шымкентте 293 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 250 шақырымды құрайтын 152 нысанға (308 көше) орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінгі күні 239 шақырым, 140 нысанда (293 көше) жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Жөнделген көшелердің 9 данасы магистралды көшелер (Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Мангелдин, Тоқаев). Қалған 12 нысан (15 көше) 2023 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, 4 аудан кесіндісінде 122,7 шақырым жолға шағал тас төселді. 3 мекен-жай бойынша оң жақ өткелдер салынды (Рысқұлов-Бәйтереков, Назарбаев-Шаяхметов, Өтегенов-Рысқұлов)