ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА БАС ЖОСПАРЫ 2023 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА БЕКІТІЛЕДІ

115
0
Шымкент қаласының жаңа бас жоспарын «Градкомплекс» ЖШС-нің директоры, архитектура ғылымының кандидаты Аужанов Нұрбек Габдулхамитұлы мен «Қалақұрылыстық жобалау орталығы» қосалқы мердігерлік ұйымы бірігіп әзірлеуде.
Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында арнайы эксперттік комиссия мүшелерімен Бас жоспардың кешенді қала құрылысы сараптамасын өткізу жұмысы жүргізіледі. Бас жоспардың жобасы ағымдағы жылдың 27 наурыз бен 27 сәуір күндері аралығында негізгі ережелерін мақұлдау үшін, қалалық мәслихаттың қарауына енгізіледі. «Шымкент қаласының бас жоспары» жобасын 2023 жылғы мамыр айының аяғына дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне тапсыралатын болады.
Бас жоспардың материалдары республикалық және жергілікті телеарналар мен «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Рабат» газеттерінде жарияланған.