БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ӨНІМДЕР БОЙЫНША
Балаларды тиімді тамақтанумен қамтамасыз ету басты бағыт болып табылады, өйткені балалардың денсаулық жағдайы оның тамақтануына тікелей байланысты. 6 жастан 18 жасқа дейінгі жас кезеңінде дененің қарқынды өсуі байқалады, бұл ақыл-ой мен физикалық белсенділіктің жоғарылауымен бірге жүреді.
Тамақтану рационы тиімді, теңдестірілген, әр түрлі болуы керек және баланың денесінің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Дұрыс өсу мен даму үшін әр оқушы мен балабақша тәрбиеленушісі белгілі бір өнімдер жиынтығын алуы керек, яғни «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (08.05.2021 ж. №ҚР ДСМ-76) және «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (09.07.2021 ж. №ҚР ДСМ-59) санитариялық қағидаларында көрсетілген өнімдердің белгілі бір жиынтығын алуы керек. Сонымен, рационда аталған өнімдер қамтылуы керек: сүт және сүт өнімдері, сүзбе, ірімшік, ет, балық, жұмыртқа, жарма және макарон өнімдері, өсімдік және жануар майлары, нан және нан өнімдері, көкөністер, жаңа піскен жемістер, табиғи шырындар.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған санитариялық ережелерде білім беру объектілерінде және мектепке дейінгі мекемелерде төмендегі өнімдерге жол берілмейтіні көрсетілген:
- дайындауға және өткізуге:
- қатық, сүзбе, айранды;
- туралған ет қосылған құймақтарды;
- флотша макаронды;
- зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
- кремі бар кондитерлік өнімдерді;
- тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
- морстар, квастарды;
- фритюрде қуырылған өнімдерді;
- шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
- күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
- окрошканы;
- саңырауқұлақтарды;
- өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
- тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
- газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
- фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
- ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша);
- пайдалануға жол берілмейді:
- пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
- суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
- ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
- тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
- механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
- құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
- сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
- генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
- йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын.
Жоғарыда аталған тыйым салынған өнімдерді пайдалану тағамнан улану, жұқпалы аурулар, ас қорыту жүйесі, жүйке жүйесі және тірек-қимыл аппаратының ауруларына әкелуі мүмкін. Тыйым салынған өнімдерді пайдаланудан бас тартуды қоса алғанда, ұтымды, салауатты тамақтану принциптерін сақтау балалардың дұрыс физикалық және психикалық дамуына, инфекцияларға төзімділігіне және және жалпы дені сау жасөспірім ұрпақты қалыптастыруға ықпал етеді.
Шымкент қаласының СЭБД басшысы Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы