МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІ

74
0

Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсартылып, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды.

Сатып алынған құрал-жабдықтардың қатарында лор-комбайн, МРТ аппараты, нейрохирургиялық микроскоп, ангиограф, цифрлық рентген-аппарат, «Клинитрон» төсегі, ӨЖЖ аппараттары, IT-техника сынды заманауи аппараттар бар. Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Сондай-ақ өткен жылы қалалық клиникалық балалар ауруханасы базасында ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылды. Мамандандрылған стоматалогиялық кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді. Бұған қоса ауруханада сәулелі диагностикалық орталық ашылып, 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетуде. 2022 жылы қалалық клиникалық балалар ауруханасында бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда.

Жалпы Шымкент қаласында амбулаторлық деңгейде 13 мемлекеттік емхана және 32 жеке меншік медициналық орталық жұмыс істейді. Халықтың 52,8% немесе 615 мың азамат мемлекеттік, қалған 47,2% немесе 549 мың адам жекеменшік емханаға тіркелген. Былтыр 5 медициналық ұйым ашылды. Сонымен қатар МЖӘ жобасы аясында Шымкент қаласында бір ауысымда 700 келушіге арналған 800 төсектік университеттік көпбейінді аурухана және клиникалық-диагностикалық орталық (емхана) құрылысы жеке инвестор есебінен басталды. Шаһарда өткен жылы 16 бүйрек, 6 бауыр трансплантациясы мен 369 жүрекке ота жасалды. №2 аурухана базасында бауыр циррозы бойынша бұрын-соңды болмаған операция өткізілді. 5225 медициналық қызметкер біліктілігін арттырып, шетел мамандарының қатысуымен 30 медицина қызметкері шеберлігін шыңдап, арнайы дәріс алды. Қала тұрғындары скринингтік зерттеулерден 100% өтті