ТЕСТІЛЕУ БАРЫСЫНДА ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

243
0

Түркістан облысы, Келес ауданында “Болашақ” атындағы №43 жалпы орта мектебінде 9-сынып оқушыларының оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалау бойынша мемлекеттік аттестаттау болып өтті.

Департаменттің қызметкерлері мемлекеттік аттестаттауға бақылаушы ретінде қатысу барысында әжетханаға сұранып шыққан оқушының тапсырмаларын компьютеріндегі паролі арқылы қашықтан басқарылғанын анықтады.

Видеода 13-ші сұрақ белгіленбеген қалпында тұр және қызыл белгіні көрсетіп тұр. Оқушы пароль логинімен қайта кірсе 13 сұрақ белгіленген. Болған оқиғаны видеодан да көре аласыздар.

Осыған байланысты педагогтер қауымын әділдікке, адалдыққа шақырамын. Болашақ ұрпақты адал білім мен тәрбиеге баулуға, оқушылардың бойына жаман әдеттерді сіңірмеуге, оңай жолмен баға алуды үйретпеуге шақырамыз.

Аталған оқиға бойынша мектеп директорына СӨГІС түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Түркістан облысының білім саласындағы
сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы