ШЫМКЕНТКЕ ВЬЕТНАМ ИНВЕСТОРЛАРЫ ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНЫП ЖҮР

87
0
Вьетнам инвесторлары Шымкентте бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Шетелдіктер қала аумағындағы ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, тараптар арасында сауда-саттықты дамыту, құрылыс материалдарын өндіру бойынша бизнес жобаларын ұсынды.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Вьетнам инвесторларымен кездесіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырды. Соңғы жылдары Шымкент қаласы мен Вьетнам мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығайып келеді. Былтыр тараптар арасындағы тауар айналым шамамен 1,7 млн. АҚШ долларына жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 13 есе артқан. Бүгінгі таңда мегаполис инвестициялық тартымдылық бойынша республикада алдыңғы орында. Былтыр қалаға 1,2 млрд инвестиция тартылған. Шымкент-Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатындағы кездесуде тараптардың мүмкіндіктері қарастырылып, инвестициялық жобалар талқыланды. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ұсынылған бастамаларды жіті зерделеп, инвесторлармен қолайлы жағдайда жұмыс жүргізуді тапсырды. Өз сөзінде «Шымкент қаласында Вьетнам инвесторлары бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Шетелдіктер қала аумағындағы ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, тараптар арасында сауда-саттықты дамыту, құрылыс материалдарын өндіру бойынша бизнес жобаларын ұсынды. Біз Вьетнам инвесторларымен кездесіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырдық. Олардың ұсыныстарын жан-жақты қарап, бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында инвесторлар тарту арқылы халықтың әлеуметтік-экономикасын дамытуға күш салу керектігін, сонымен бірге өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда мегаполис инвестициялық тартымдылық бойынша республикада алдыңғы орында. Былтыр қалаға 1,2 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. Ал қазіргі таңда Шымкент-Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатындағы кездесуде өңір экономикасына қосылар мүмкіндіктері қаралуда» деді қала әкімі,