ӘЗІЛКЕШПЕН ӘДЕМІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

74
0
Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Нысана» әзіл-сықақ театрының әртісі Абай Аязбаев студенттер күніне орай Қаратау ауданының жастарымен кездесті.
Кездесудің мақсаты- дарынды жастардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру. Бос уақытын тиімді пайдалану. Өнерлі жастарға қолдау көрсету, мотивация беру. Аудан орталығының ғимаратында өткен кездесуге «Shymkent жоғары педагогикалық колледжі» студенттері қатысты. Кездесу барысында өнер иесінің шығармашылығы мен өмір жолы жайында әңгіме өрбіді. Өзінің өнер жолындағы кедергілер мен жеткен жетістіктерін айтты. Сонымен қатар, шағармашылық жолындағы түрлі қызықтарымен, әзілдерімін бөлісіп, жастармен өзара еркін пікір алмасты. Өнерге қызығушылығы бар жастарға өз мақсатына жету жолында тынбай еңбек етуге шақырды. Кездесу соңында жастар өнер иесімен естелікке суретке түсті. Айта кету керек, жуырда Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандағы №46 және №65 мектеп оқушыларына кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы, суицидке жол бермеу, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері жөнінде кездесу өткізілді. Жастармен кездесуге Шымкент қаласының психикалық орталығының нарколог-дәрігері, дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары қатысып, салаларына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, осы кездесу барысында жасөспірімдер толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты және спорт шеберлері оқушыларға өз тәжірбиелерімен бөлісіп, балаларды спортпен шұғылдануға шақырды. Жалпы соңғы уақытта Шымкент қаласында жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайлар жасалып келеді. Бүгінде үшінші мегаполиске қарасты аудандарда жастар орталығы жұмыс істейді. Аталған орталықтар жастардың түрлі салада жетістікке жетуіне ықпал етіп келеді.