ШЫМКЕНТТІК ЖАС ҒАЛЫМ «АҚЫЛДЫ ҮЙ» МОДЕЛІН ОЙЛАП ТАПТЫ
Шымкент қаласы № 89 ІТ мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Шұғыла Сапарбек «Ақылды үй» жобасын көпшілік назарына ұсынды. «Ақылды үй» макеті Arduino Uno программасы арқылы автоматтандырылған.
Ақылды үй — адамның көмегінсіз жұмыс істейтін электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Ақылды үй адамдарға қолайлылық пен жарқын өмір сүруге мүмкіндік береді», — дейді жоба жетекшісі Райхан Бердазимқызы.
Шұғыла Сапарбек өзінің ұсынған жобасын былай түсіндіреді: «Ақылды үйге күн панелі мен жел генераторын орнаттым. Күн панелі 180° градусқа күнмен бірге айнала отырып өзіне қуат көзін жинайды. Ал жел генераторы желдің бағытына қарай қалақшалары арқылы қуат көзін жинап үйге жарық беріп отырады. Жинақталған энергия көзі вольтметрде көрсетіп тұрады. Қазіргі уақытта үйдің тоғы 100% жұмсайтын болса, ақылды үйде орналасқан күн панелі мен жел генераторының көмегімен біз қуат көзінің 30% пайызын үнемдейтін боламыз», -дейді. Жалпы ақылды үйдің ішінде су датчигі, өрт датчигі және де газ датчигі орналасқан. Су датчигі су шыққан жағдайда бірден zummer датчигі арқылы сигнал беріледі және Bluetooth желісі арқылы үй иесіне SMS хабарлама жібереді. Өрт датчигі мен газ дәл солай, үйде өрт және газ шыққан жағдайда бірден оны сезіп, zummer датчигі арқылы сигнализация орнайды және үй иесіне Bluetooth желісі арқылы телефон құрылғысына смс хабарлама келеді.
Шымкенттік оқушының бұл жұмысы білім сайысына 600-ге жуық қатысушының ішінен үздік деп танылып, бас жүлде иегері атанды. Айта кету керек, Шымкенттік студент механикалық энергияны электр қуатына айналдыратын құрылғы жасады. Бұл ғылыми жоба Павлодар қаласындағы «ХХІІІ Сәтпаев оқуларында» үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын тудырған. Құрылғыны жасаудағы басты мақсат механикалық энергияны электр энергиясына айналдыра отырып, күнделікті тұрмыстық қажеттілікте қолдануға болады. Мәселе, электр энергиясына, яғни арнайы ток көздеріне қол жетімсіз жағдайларда, табиғат аясына демалуға және ұзақ жолды сапарларға шыққанда байланыссыз, жарықсыз қалған уақытта жарық көзі ретінде пайдалана аласыз. Кез-келген орында көліктің электр қораптарын, аккумулятор және ұялы телефонды қуаттап алатын болғандықтан, бұл құрылғыны қол генераторы деп атаса да болады. Әлемде тұрмыстық техникалардың көптеп дамуына байланысты электр энергиясының тапшылығына дабыл қағылуда. Станислав осы ғылыми жобасы арқылы еліміздің экологиясын қорғауға, электр энергиясын үнемдеуге өз үлесін қосады деп білеміз. Республикалық және халықаралық екі ғылыми-практикалық конференцияда жобаны сәтті қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталған жас ізденушіге физика пәнінің оқытушысы, ұстазы Гүлжан Ағабекқызы жетекшілік еткен.