35 СУБҰРҚАҚ ҚАЛА КӨРКІНЕ СӘН БЕРІП ТҰР

82
0
Жазғы маусым басталғалы қалада 35 субұрғақ іске қосылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына кестеге сәйкес қызмет атқарып тұр. Субұрқақтар қаланың сәнін келтіріп, көркін ашады, сонымен қатар ауа-райының аптап ыстығында көшедегі жүргіншілердің сергіп салқындауына сеп болады.
Қаланың ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда. Олар Әл-Фараби ауданындағы, Арбат гүлзарындағы, Имран сауда орталығы алдындағы субұрқақ, Жеңіс саябағы, Байтұрсынов-Жандосов көшерлеріндегі субұрқақ, Спорт гүлзары, Құрметті азаматтар аллеясындағы, әуежайдағы субұрқақтары. Сондай-ақ, Орталық саябақтағы және Қошқар ата өзеніндегі, яғни Ордабасы алаңындағы субұрқақтардың құбыры ретке келтірілді. Ал Асар шағын ауданындағы әуенді субұрқақтары, Нұрсәт аллеясында орналасқан субұрқақтар жақында іске қосылуға дайын. Сонымен қатар Чернобыль субұрқағы – күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Іске қосылған барлық субұрқақтарға автоматикалық жүйе орнатылуда. Айта кету керек, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, Шымкент қаласының аумағындағы жалпы ұзындығы  891 шақырымды құрайтын 443 орталық көшелерді санитарлық тазалау, көгалдандыру және күтіп-ұстау жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап аудан әкімдіктерінен Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына өтті. Қазіргі таңда, әр ауданның мемлекеттік-жекешелік әріптестері анықталып, қала аумағында жұмыстар қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында, тұрақты 2400-ге жуық жұмыс орындары ашылып, қаланың санитарлық тазалығын қамту, көше жуу, қар күреу сынды жұмыстарға жаңа арнайы 150 техника тартылады. Сондай-ақ жоба аясында жасыл екпелерді суару жұмыстарын жандандыру мақсатында 440 бірлік су ұңғымасы бұрғыланып, пайдалануға берілмек. Гүл егу жұмыстарына тоқталатын болсақ, 2023 жылы қаланың көрікті жерлеріне 1 млн дана қызғалдақ егілген болса, жаздық бір жылдық әсем гүлдер саны 750 мыңға жетіп отыр.