ШАҺАР БАСШЫСЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

96
0

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түркиялық инвестор “Milat Hali” компаниясының директоры Искандер Капланды қабылдады, деп хабарладай Uakit.kz.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар сөз болып, үшінші мегополис мүмкіндіктері жан-жақты айтылды. Кездесу барысында аталған компания құрылтайшылары одан әрі ынтымақтастықты арттыру мақсатында Шымкентте кілем және кілем бұйымдарын өндіруді іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.
Инвестициялардың жоспарланған сомасы шаршы метріне 10 млн АҚШ доллары. Жоба жүзеге асқанда жаңадан 300 жұмыс орны ашылмақ.
Шымкенттің әлеуеті өте жоғары. Шаһарға инвестиция салушылардың қатары күннен-күнге артып отырғаны бізді қуантады. Халыққа пайдалы болатын әрбір жобаны қашан да қолдауға дайынбыз”,-деді әкім.
Ал компания директоры Искендер Каплан өндірістің қала экономикасындағы экспорт үлесін арттыруға септігін тигізе отырып, жергілікті халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беретінін атап өтті.
«Milat Hali» деп аталатын түркиялық компания «Оңтүстік» индустриялық аймағынан 2,5 гектар жерге кілем өндіретін зауыт құрылысын салмақ. Жобаның жалпы құны 4,5 млрд теңге болады. Осы жобаның аясында жылына 5 млн шаршы метр кілем өндіріледі. Сонымен бірге аталған кілем фабрикасы жұмыссыз жүргендерді тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
Айта кету керек, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына  327,9 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,0%-ға артты. Сонымен қатар, 2022-2026 жылдар жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 283 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 2022 жылы 173,1 млрд. теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.