РЕНОВАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН СЕЙСМОНЫҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

79
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру және көпқабатты үйлерді сейсмикалық нығайту мәселелері талқыланды.
Жиналыс барысында реновациялауға жатқызылған 6 үйдің орнына жаңа заманауи көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысын салу жоспары пысықталды. Бағдарлама шарты бойынша тұрғындарға жаңа көппәтерлі үйден пәтерлер берілетін болады.
Бүгінгі таңда, 6 мекенжай бойынша қызығушылық танытқан инвесторлар бар. Алдағы 2 апта шеңберінде бірлескен келісім шарттар түзілетін болады. Сонымен қатар, аталған тұрғын үйлерді қыркүйек айына дейін бұзу жоспарланған. Сейсмонығайту бойынша қала аумағында 36 үйге техникалық зерттеу жүргізілген болса, оның 13-не жобалық құжаттамасы әзірленеді. Ал қалған 23 үйдің техникалық зерттеу қорытындыларының мерзімі өткен. Бүгінгі таңда, қала бойынша 199 үй техникалық зерттеуді қажет етеді. Сонымен бірге, бірінші кезекте сейсмикалық нығайтуды қажет ететін 17 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу қорытындысын алу мақсатында бюджеттік өтінім ұсынылды. Сонымен қатар, техникалық зерттеу қорытындысына сәйкес, бірінші кезекте сейсмонығайту талап ететін 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге бюджеттік өтінім берілген. Мұрат Дүйсенбекұлы басқарма басшылары мен «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасына бағдарламаны шұғыл бастауға және 2023 жылға белгіленген индикаторды орындауға тапсырма берілді.Сондай-ақ халық қауіпсіздігін алдын алып, қаладағы көпқабатты ғимараттарды сейсмонығайту шараларын талапқа сай жүргізуді тапсырды. Айта кету керек,

қазір Ташкент — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанда болып, жұмыстардың барысын тексерді. 31 шақырым жол 8 кезеңмен жөнделеді. А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жоспар бойынша жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тратуар салу жоспарлануда. А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары осыған дейін 65% пайызға орындалды.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талапқа сай жүргізіп, өндірістік кестеге сай нысанды биыл қолданысқа беруді тапсырды.