«ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» ЖОБАСЫ — ЕҢБЕК ЖОЛЫНЫҢ БАСТАПҚЫ ҚАДАМЫ

64
0
«Жастар тәжірибесі» жобасы –жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекет субсидиялайтын қолдау шараларының бірі.
Аталмыш жоба қатысушыларының бірі Абдираймбек Аида 2023 жылы «№2 Қалалық перзентханаға» акушер мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. “Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша өзімнің білім алған мамандығыммен жұмысқа орналасып, қазірде кәсіби қабілеттерімді дамытудамын. Бағдарлама оқуын жаңа аяқтаған жастардың жұмысқа орналасып, маман ретінде қалыптасуына жақсы мүмкіндік», -дейді Аида Асанқызы.
Егерде сіз жоғарғы оқу орнын жаңа бітірген түлек болсаңыз немесе мамандығыңыз бойынша диплом алғаныңызға 5 жылдан аспаған болса,онда сіздерді Еңбек мобильділігі орталығы “Жастар тәжірбиесі” бағдарламасы бойынша еңбек жолыңыздағы бастапқы қадамды жасауға шақырамыз!
Жоба қатысушысының еңбекақысы – 30 АЕК (103 500 т.) құрайды.
Жобаның ұзақтығы: 12 ай.
Жобаға қатысуға ниетті Шымкент қаласының тұрғындары өз тұрғылықты мекен-жайлары бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады.
📍Әл-Фараби ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы:А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы 201
📍Абай ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Ұ. Арғынбеков 243/3
📍Еңбекші ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы 3/2
📍Қаратау ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: «Нұрсат» м/а, С.Бәйтереков 89
📍Тұран ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Қазыбек би 50.
Айта кету керек, Шымкентте биыл 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл игілікті істер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Аграрлық несие корпрациясы» АҚ арасында келісімшарт жасалды. Жауапты басқарманың мәліметінше, бүгінгі таңда жеңілдетілген несие алуға 107 өтінім түскен. Соның ішінде, 56 құжат Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына комиссияның қарауына ұсынылды. Оның 23-і қаралып, 10 адам оң қортындысын алды.