ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 150-ДЕН АСА ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

73
0
Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіндегі 168 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 48 пәтер көпбалалы отбасыларға, 25 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 47, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 48 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан. Айта кету керек, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу көзделген болса, 888 пәтермен жұмыс істеп жүрген жастар қамтылатын болады. Бұдан бөлек 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1034 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді. Яғни «5-20-25» несиелік бағыты бойынша 641 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша 322 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша — 71 пәтер кредиттік бағытта рәсімделген. Айта кету керек, Шымкентте 659 отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады. Оның ішінде 2023 жылы 322 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидияланған. Ал 2022 жылы 337 азаматтың аталған әлеуметтік көмекке жолданған өтінімі мақұлданып, жалпы соммасы 30 155 764, 30 теңгені құрады.

Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар, көп балалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда (1) ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспауы тиіс. Субсидия алуға үміткердің депозиттік шоты болуы қажет. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады. Қазақстандықтар өз өтінімдерін жылдам әрі кезек күтпей берулері үшін барлық процестер онлайн режимде ұйымдастырылған. Өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы otbasybank.kz порталында «Жалдау ақысын субсидиялау» бөлімінде беріледі. Халықтың белгілі бір әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бағдарламаға сәйкес «Отбасы банкі» тарапынан субсидия ай сайын төленетін болады.