ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ БАР

70
0
Шымкент қалалық ҚХА жағынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ құрамы өзектендіріліп, тізімге ҚХА жанындағы ғылыми – сарапшылық топ мүшелері, кәсіби медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілген.
Топ құрамы 14 адамнан жасақталған. Оның ішінде: ЭМБ төрағалары мен мүшелері — 7 адам, ғалымдар — 1 адам, азаматтық ұйымдар — 1 адам, дін өкілдері — 1 адам, қоғамдық пікір көшбасшылары — 1 адам, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері — 3 адам. Шымкент қаласы аумағындағы 81 елді мекенде ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қала басшылығымен арнайы кесте бекітілген. Алғашқы жартыжылдықта кестеге сәйкес 45 тұрғын алаптарда кездесу өтіп, оларға 5000-нан аса адам қамтылды. Шымкент қаласы аумағындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған 23 тұрғын алаптарда этноконфессиялық төзімділік мәселелері бойынша және этносаралық негіздегі қақтығыстарды болдырмау, әрқайсысының жеке ерекшелігін сақтау, мүдделерді бұзбай келісімге қол жеткізу сияқты қағидаттар түсіндіріліп, ақпараттандырылды. Айта кету керек, Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмасына сай Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Достық» үйінде өткен жиынға қалалық партия белсенділері мен ассамблея мүшелері қатысты. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов пен қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов Президенттің ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту туралы міндеті аясында нәтижелі жұмыс жүргізілетінін жеткізді. «Мемлекет басшысы: «Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс. Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет. Сонда бірлігімізді нығайтамыз. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз» деді Б.Нарымбетов. Осы бағытта біз ассамблеямен бірлесіп жұмыс жүргіземіз, – деді Б.Мәдәліұлы. Жиында асссамблея мүшелері қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Н.Романова, қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова, қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Т.Нишанбаев сөз сөйлеп, маңызды міндетті бірлесе атқаруға дайын екендігін жеткізді.