ЕРЕКШЕ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

75
0
Көрмеге ХІХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі пайдаланылған самаурындар, шоқ самаурыны, тіпті керосинмен қайнайтын түріде қойылған. Тарихи кезеңіне сәйкес самаурындар жез, мыстан, түрлі материалдан дайындалған. Оттығын түтін мүжіген бұл самаурындар берекенің, бірліктің көзіндей боп бізге жеткен.
Шығыс халқына тән самаурындар – құман самаурындар. Бұлар орта ғасырдан бастап жасалған деген деректер бар. Құман-самаурынға қарап, самаурындардың әр елде әр формада болғанын байқауға болады. Берекелі өмірді салсерілік дәстүрлі көрмеде сопақ, банка тәрізді, үлкені де, кішісі де, барлық түрі бар. Естеріңізге салсақ 2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы 1-ші мамырда «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашқан болатын. Айта кету керек, Қызылжар, Жаңаталап, Сайрам, Шапырашты, Қазығұрт тұрғын алабтарында 5 мәдениет үйі, сондай-ақ, Ақжар, Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Қаратөбе, Өтеміс тұрғын алабтарындағы 5 клуб халық игілігіне қызмет жасап жүр. Мәдени нысандардың басты қызметі — талантты жастардың өнерін дамытып, оларға қолдау көрсету, қабілеті мен қызығушылығын арттыру, халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету, ұлттық құндылықтарымызды сақтау және насихаттау. Бұдан бөлек, нысандарда түрлі үйірмелер ашылып, талантты балалардың өнерін шыңдап, болашағына қанат бітіруде. Біршама мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткен. Нақтырақ айтсақ, “Жаңаталап”, “Сайрам”, “Шапырашты” мәдениет үйлері мен “Ақжар” клубы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа ғимаратта түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп келеді. Қалған мәдениет үйлері мен клубтарда жөндеу жұмыстары жоспарға қойылып, ретімен іске асуда. Бүгіндері қаламыздың мәдениет саласындағы 21 мекемеде 2000-ға жуық маман ұлттың рухани және мәдени интеллектуалдық деңгейін көтеруге, халқымыздың салт-дәстүрлерін сақтауда бар күш-жігерлерін жұмылдырып қызмет етіп келеді. Айта кетейік, 2023-2024 жылдар аралығында Абай ауданын төрт мәдени нысанмен толықтыру жоспарланған.