ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

69
0
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы саны 105 ашық спорт алаңшасы бар. Биылғы жылы тағы 2 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған болатын. Соның бірі Береке шағын ауданындағы 276 орамда ашық спорт алаңшасы бюджет есебінен салынып, тұрғындардың пайдаланыуына тапсырылды.
Соңғы үш жыл ішінде аудан аумағында 41 спорт алаңшасы соғылып, халыққа пайдалануға берілді. Қаламыздың жастарын спортқа баулу мақсатында, алдағы уақытта аудан көлемінен осындай ашық спорт алаңдарының санын көбейту жоспарланып отыр. Айта кету керек, Абай ауданы аумағында 2023 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында 18 жоба жасалатын болады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды. Жобалардың жалпы құны 497,5 млн. теңгені құрайды. Атап айтқанда, Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе мөлтек аудандарында 15 әмбебап спорт алаңшасы, Асар, Достық, Қайнарбұлақ елді мекендерінде 3 спрат алаңшалары салынады. Атқарылар жұмыстар мұнымен шектелмейді. Бүгінде аудандағы мектептер саны – 29, жеке меншік — 16. Тапшылық — 7, мектеп жоқ елді мекен — 2. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда. Олар — Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп, Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп, Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.  Сонымен қатар бүгінгі таңда Абай ауданына қарасты 6 мәдени нысан бар. 2023-2024 жылдар аралығында аудан аумағын тағы төрт нысанмен толықтыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Шымсити» шағын ауданындағы «Конгресс холл», Көкбұлақ тұрғын алабыдағы «Көкбұлақ» мәдениет үйі, Қайнарбұлақ тұрғын алабының мәдениет үйі және Асар-2 шағын ауданында мәдениет үйін салу үшін жер телімі қарастырылуда. Бұдан бөлек, Абай ауданы аумағында емдеу мекемелерінің саны – 7 жеке меншік мекемелер саны – 11 құрап отыр. 2023-2024 жылдары ауданымызда денсаулық сақтау нысандардары салынады. Оның ішінде, Ынтымақ ш.а №14 емдеу орталығының филиалы болса, Қайнар бұлақ саяжайы және Қайнар бұлақ тұрғын алабына жеке инвестор есебінен 2024 жылы емхана салу үшін жер телімі қарастырылуда.