СУДАҒЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

65
0
Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 215 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Оған 5245 адам қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі.
Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тартылады. Нәтижесінде Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау 7 АЕК ) бойынша 12 тұлғаға 144 900 теңгеге айыппұл салынды, ал Полиция департаментінің тарапынан 364-бабы бойынша (ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) 12 тұлғаға ескерту берілген, 440-бабымен (қоғамдық орында алкогольдік ішімдікті ішу) 8 тұлғаға 77 625 теңге айыппұл салынған. Сонымен қатар, Аудандық әкімдіктермен 2023 жылға әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша 13 меморандум жасалып, 1500 нан аса баламен инструкция өткізілді. Қала аумағында шомылу маусымының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Бұдан өзге, қала аумағындағы суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында шомылуға тыйым салынған белгілер қойылды. Жалпы

Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Өңірдің климаттық жағдайына байланысты судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды түрде жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шараларға қарамастан жазатайым оқиғалар орын алуда. Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Олар: Тоғыс су қоймасының «Холодильник» демалыс орны, Бадам су қоймасының «Рахат Бадам», Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар қала аумағында 18 бассейн мен аквасаябақтар шомылу маусымында жұмыс істеуде.