ОҚУШЫЛАР МЕКТЕП АЛДЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ
Санаулы күндерден кейін білім ошақтарында «Алғашқы қоңырау» соғылып, жаңа оқу жылы басталады. Ал мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайтып, медициналық көмек көрсету басты бағыттардың бірі.
Мектеп жасындағы балаларды профилактикалық тексеруден өткізу үшін бүгін қалалық балалар клиникалық ауруханасында «Деніміз сау баламыз, білім алуға даярмыз!» атты Ашық есік күні өтті. Шара аясында бейінді мамандар: эндокринолог, кардиолог, уролог, оториноларинголог, балалар дәрігерлері оқушы, жасөспірім балаларды қажетті тексеруден өткізіп, кеңестерін ұсынды. Сондай-ақ бұл күні балалар стоматологиялық кабинетте тіс дәрігерінен кеңес алып, медициналық көмек көрсетілді. Жалпы ауруханадағы мектеп алды профилактикалық тексеруден 100-ден аса бала өтті. Қалалық балалар ауруханасының ұжымы жаңа оқу жылының басталуына орай, өздерінің көп балалы әріптестеріне материалдық көмек көрсетті. Аурухана басшылығының бастауымен аурухана медицина қызметкерінің отбасындағы 10нан аса оқушы балаларына жаңа мектеп формасы, спорт киімі, аяқ киім және оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Биыл Шымкентте бірқатар жекеменшік мектептердің құрылысы жүргізілуде. Жаңа білім ошақтары Сайрам, Базарқапқа тұрғын алаптары мен Нұрсат шағынауданында бой көтеруде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұғын алабындағы «Астана» және Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерінің құрылысын тексерді. «Астана» мектебінің 2 мың орындық білім ғимараты 3 қабаттан тұрады. Мұнда құрылыс наурыз айында басталған. Ал, Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі 3 мың орынға лайықталған. 3 қабатты ғимарат заманауи үлгіде бой көтеруде. Екі нысанда да қазір ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары атқарылып, аулалары абаттандырылуда. Орындалған жұмыстардың көлемі 90- 95%. Озық үлгіде салынған білім ошақтары қыркүйекте оқушыларға есіктерін айқара ашатын болады. Жеке мектептер бала саны жыл санап артып келе жатқан елдімекендердегі мектептердің жүктемесін азайтып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шаралардың барлығын ескеру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.