«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ»: ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

71
0
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті 20-тақырыптық бағытта еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған болатын. Білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі жиыны республика көлемінде биыл Шымкент қаласында өтті.
«Әділетті Қазақстан:сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткен кеңесте әр өңірден келген білікті мамандар білім беруді цифрландыру бағытындағы үздік тәжірибелері, жетістіктері және еңбектерімен бөлісті. Кеңес жүмысының негізгі мақсаты – білім беруді цифрландыру,ұлттық білім берудегі деректер қоры, мектептегі интернет,білім берудегі оқыту ресурстары, ақпараттық-коммуникативтік технология, электронды оқулықтар, мультимәдениетті орта қалыптастыру және мемлекеттік қызметтегі автоматтандыру. Тамыз кеңесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, білім саласының ардагерлері, білім мекемелерінің басшылары, ректорлар, ғалылымдар қатысты. Сондай-ақ еліміздің өзге өңірлерінен 200-ге жуық цифрландыру бағытына жауапты мамандар келді. Аталмыш кеңеске Қазақстан Республикасы оқу ағарту вице министрі Айбат Болатұлы арнайы келіп, білім саласы, цифрландыру жүйесіндегі тың жаңалықтармен танысты.
–Бүгінгі тамыз кеңесінде маңызды тақырып көтеріліп отыр. Білім, ғылым саласы әлемде күн өткен сайын қарышТап дамып жатыр, озық елдердің технологиясын біздің елде де жасап жатқан білікті мамандарымыз көбейіп келеді. Бүгінгі тақырып аясында қазіргі уақытта қолданылып жүрген, ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға ыңғайлылық тудырып отырған мобильді қосымшалар, электронды бағдарламалар мен танысудамыз. Әлбетте білім саласы алдағы уақытта да көп өзгерістер мен жаңалықтар енгізетін болады. Оқулықтарды электронды жүйеге өткізу, автоматтандыру, цифрландыруда жасалынып жатқан жобаларда бар,–деді А. Болатұлы. Кеңес аясында қонақтар көрмеге қойылған секциялық жұмыстармен танысып, тәжірибе алмасты.