Тұрғындармен кездесті

325
0

Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» — деп аталатын биылғы жолдауы жарқын болашаққа жасалған нық қадам. Ұлт көшбасшысының саясатын қолдаған, оған сенім білдірген қазақстандық әрбір азаматқа бұл жолдау үлкен міндеттер жүктеп отыр. Осы жолдаудың маңыздылығын қарапайым халыққа насихаттауды алдына мақсат тұтқан Парламент Мәжілісінің депутаттары ауыл-ауылдарды аралап, түсіндіру жұмыстарын бастап кеткені белгілі. Осыған байланысты Шымкент қаласы, «Асар» мөлтекауданындағы №89 мектепте ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ш.Мырзахметовтің осы мөлтекауданның тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге Абай ауданының әкімі Ж.Байғонов және «Нұр Отан» ХДП-ның Шымкент қаласы, Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Сейдуалиев қатысты. Кездесуде Ш.Мырзахметов ауыл тұрғындарына Елбасы Жолдауының маңыздылығын, құндылығын, қандай міндеттер жүктеп отырғанын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Ж.Дәрмен.