ӘСКЕРИ САЛА ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА ӘР АЗАМАТ ЖАУАПТЫ

5
0

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы – озық үлгідегі қорғаныс саласы бар мемлекет болуды көздейді. Бұл жобаның қолға алынғаны біршама уақыт болды. Осы уақыт ішінде еліміздің әскери саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Бірқатар тың бастамалардың арқасында еліміздің қорғаныс әлеуеті жақсарып келеді. Мұны жаһандық рейтингтер дәлелдеп келеді. Жалпы қорғаныс саласы турасында сөз қолғалғанда, әскердің әлеуетін айналып өте алмасымыз анық. Бұл тұрғыдан келгенде, елімізде мектеп жасындағы балаларды аталған салаға қызықтыру бағытында бірқатар шаралар көріліп жатыр. Оның ішінде аталған пәннен сабақ беретін кадрларды даярлаудың маңызы. Осы орайда, Түркістан қаласында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні ұдайы өткізіліп келеді. Онда оқушыларға сабақ өтетін, әскери өмірдің қыр-сырына қанық етіп, отанды қорғауға үндейтін үлгізі педагогтер қызмет етіп келеді. Осы орайда, бүгінгі материалымызда аталған тақырыпты кеңірек тарқатпақпыз.

Естеріңізде болса, өткен жылы Түркістан қаласындағы Р.Исетов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Халтаев Аятулла облыстық «Әскери патриоттық жетекші – 2023» облыстық байқауында жеңімпаз атанып, мерейімізді тасытқаны туралы жазған едік. Міне, аталған мұғалім биылғы жылы да тағы бір биікті бағындырып, қуанышымызды еселеп отыр. Еліміздегі 17 облыстан Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері қатысқан «Пневматикалық винтовкадан ату мен автоматты жартылай бөлшектеп жинау» республикалық турниріне қатысқан Аятулла Жумадуллаұлы еліміздегі әріптестерінің арасынан оза шауып, І орынды жеңіп алды. Осылайша, өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында озаттар қатарынан орын алып отыр. Жалпы бүгінгі таңда Түркістан қаласында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында «Digital Turkistan» тұжырымдамасы нәтижелі іске асырылып келеді. Жоба аясында бірнеше қосымша жұмыс істейді. Атап айтсақ, «109» бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардың қоңырауын қабылдайды.  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы елдің қауіпсіздік жағдайын жақсарту, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және құқықтық жүйені дамытуға бағытталған маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Ұлттық жоба ішкі және сыртқы қауіптерге қарсы күресті күшейтуді, азаматтардың күнделікті өміріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, қылмыстарды азайту мен алдын алуды көздейді. Аталған жоба – президент нақтылаған Ұлттық даму жоспарына, елдің қауіпсіздігіне және өзге де мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылатын, еліміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді стратегия. Осы негізде ұлттық жоба аясында еліміздің батыс өңірінде ауыр санатқа жатқызылатын қылмыс статистикасы 23 пайызға, орта ауырлықтағы қылмыстар 29%-ға, ұсақ қылмыстар 10 пайызға және зорлық-зомбылық көрсеткіші 15%-ға, тонаушылық 52%-ға, ұрлық әрекеті 35%-ға азайған. 2023 жылдың соңында құқық бұзушылықтың жалпы саны 22,8%-ға азайып, он мың тұрғынға шаққандағы құқық бұзушылық көрсеткіші 63 болды. Сондай-ақ алкогольді шамадан тыс тұтыну нәтижесінде жасалған құқықбұзушылық саны 2%-ға азайған. Өткен жылы ішкі істер органдарымен он төрт мыңнан астам қылмыстық іс тергелсе, мың екі жүз тоғыз құқықбұзушы сотқа тартылған. Сондай-ақ ғаламтордағы алаяқтық жалпы алаяқтық құрылымының 56%-ын алған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері еліміздің өзге де өңірлеріне шығып, 35 қылмыстың бетін ашты. Көрсеткіш бойынша жәбірленушілерге 542 миллион 211 мың 958 теңге шығын келтірілген. Зардап шегушілердің құқығы қорғалып, жиырма сегіз миллион жүз сексен мың теңге қайтарылған. Қазіргі уақытта есірткі қылмысымен күресу бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Есірткі сатудың 33 фактісі ашылып, 18 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соңғы 10 жылда облысымызда нашақорлар саны 960-тан 740-қа дейін азайған. Сонымен қатар ұлттық жобаның маңызды көрсеткіштерінің бірі 50 типтік кешен. Жоба барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскери қызметшілеріне арналған тұратын кешендер салмақ. 2021 жыл мен 2025 жылдары 71 миллиард теңге қаражатқа жобалап, құрылыс жұмыстарын бастау қолға алынған. Ұлттық жоба – ел азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарлама. Ол қылмыс пен терроризмге қарсы күрестен бастап, жолдар мен киберкеңістіктегі қауіпсіздікті жақсартуға дейінгі кең ауқымды қамтиды. «Қауіпсіз ел» жобасының негізгі мақсаттары: Қылмысты азайту: Азаматтар үшін қауіпсіз жағдай жасау, құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және қылмыс санын азайту; Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру: Жол инфрақұрылымын жақсарту, жүргізушілерді оқыту жүйесін жетілдіру, жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізу; Киберқауіптерден қорғау: елдің киберқауіпсіздігін күшейту, кибершабуылдар мен киберқылмыстан қорғау, халықтың киберсауаттылығын арттыру; Экстремизм мен терроризмнің алдын алу: экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұру, жастармен жұмыс, шекаралық бақылауды күшейту және интернеттегі экстремистік насихатқа қарсы тұру;  «Қауіпсіз ел» – бұл жай ғана шаралар кешені емес, заңнама мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған ұлттық жоба. Бұл елде қауіпсіз және тұрақты ортаны құру үшін мемлекет пен азаматтардың тұрақты күш-жігерін талап ететін үздіксіз процесс. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы жалпыұлттық басымдықтарға және мемлекетті алға жылжыту мақсатында құрылған стратегиялық көрсеткіштерге негізделген. Аталған жоба елдің ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және президент нақтылаған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Нақты белгіленген маңызды тапсырмаларды өз уақытында шешуге бағытталған. Жобада мына негізгі бағыттарды орындау міндеттелген: Қарулы Күштер мен азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту, Шекара қызметіне енетін әскери қызметкерлердің жұмыс сапасын, құқық қорғау органдары қызметін, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды дамыту болып табылады.