251 ОТБАСЫ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕРГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

36
0

Қазақстанда баспанамен қамту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Халықтың әл-ауқатын арттыру және тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында мемлекет әртүрлі бағдарламалар арқылы тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз етуде. Баспанаға мұқтаж халықты қолдау үшін жеңілдетілген несие беру, әлеуметтік тұрғын үйлер салу және өзге де шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстанда халықты баспанамен қамтамасыз ету бағдарламалары бірнеше негізгі бағытта іске асырылуда. Оның ішінде әлеуметтік баспана бағдарламалары аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету үшін жүзеге асырылады. Бұл бағдарламалар аясында зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар және халықтың өзге де әлсіз топтары тұрғын үй кезегіне тұрып, қолжетімді баспана ала алады. Әлеуметтік баспана тұрғын үй саласында теңдікке қол жеткізудің бірден-бір құралы ретінде қызмет етеді.

Тұрғын үй нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында мемлекет баспана алуға қажетті ипотекалық несие төлемдеріне субсидиялар ұсынады. Бұл әдіс халықтың төлем қабілетін арттыруға, сондай-ақ өз баспанасын алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған. Елдегі жеке тұрғын үй құрылысы да мемлекеттің назарында. Жер телімдерін бөліп беру, инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету және құрылыс саласына қолайлы жағдай жасау арқылы мемлекет жеке үйлерді көптеп салуға ынталандырады. Бұл әсіресе ауылдық жерлердегі азаматтар үшін тиімді, себебі жеке үй салу көптеген тұрғындар үшін экономикалық жағынан тиімді болып табылады. Қазіргі таңда мемлекеттің тұрғын үй саясатының нәтижесінде мыңдаған қазақстандық баспана мәселесін шешуде. Әсіресе, көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар және әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар баспанаға ие болып отыр. Мемлекет тарапынан тұрғын үй құрылысын қаржыландыру көлемі артқан сайын баспана тапшылығы да біртіндеп азайып келеді. Қазақстандағы тұрғын үй саясатын жетілдіру мақсатында келесі маңызды қадамдар қарастырылуда. Цифрландыру — тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үрдісін цифрландыру арқылы ашықтықты қамтамасыз ету. Цифрлық жүйе арқылы кезекке тұру және тұрғын үй алу үрдістерін жеңілдету көзделуде. Жеке секторды ынталандыру — жеке құрылыс компанияларын қолдау арқылы тұрғын үй құрылысын көбейту және нарықта қолжетімді тұрғын үйлер санын арттыру. Елімізде баспанамен қамту шаралары халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әр азаматқа лайықты тұрғын үй жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет баспанаға қолжетімділікті арттыру мақсатында түрлі бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, қоғамдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуді басты назарға алуда. Баспана мәселесін шешу тек экономикалық тұрақтылықтың көрсеткіші емес, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік әділдікті нығайтуға ықпал етеді. Мұның баршасын тектен-текке жазып отырғанымыз жоқ. Жуырда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған 251 отбасы арендалық пәтерлермен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 48 пәтер көпбалалы отбасыларға, 112 пәтер әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға, ал 91 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Қазірде келісімшарт жасасу рәсімдері жүргізілуде. Жаңа тұрғын үйлер 189 орамда және Тұран шағын ауданында орналасқан. Әлеуметтік пәтерлер 3-4 жайлылық класына сәйкес келеді, ең үлкен ауданы 73 шаршы метрге дейін қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын “МК-ТІМЕ” ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Айта кету керек, 2024 жылы Шымкент қаласында 2274 азаматты несиелік тұрғын үймен қамту жоспарланса, оның ішінде қазіргі таңда 304 азамат баспанаға қол жеткізді. Әлеуметтік баспанаға мұқтаждық – тұрғын үй саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Әлеуметтік баспанамен қамтамасыз ету шаралары халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған. Қазақстан үкіметі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және оларға лайықты баспана беру мүмкіндіктерін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Жалпы әлеуметтік баспанамен қамту азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, тұрғын үй жағдайын жақсарту арқылы халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсетуге бағытталған. Әлеуметтік баспана, негізінен, келесі азаматтарға беріледі — көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек жандар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және басқа да әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтар. Бұл шаралар тек қана тұрғын үй мәселесін шешіп қоймай, қоғамда теңдік пен әділдікті нығайтуға ықпал етеді. Азаматтардың баспанаға ие болуы олардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасайды. Әлеуметтік баспана алу үшін азаматтар арнайы талаптарға сай болуы керек. Тұрғын үй кезегіне тұру үшін келесі талаптар қойылады- Қазақстан азаматтығы және нақты аймақта тұрақты тіркеуде болу, баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайы заңмен бекітілген стандарттарға сай болмауы, қажетті құжаттарды ұсыну және заңда бекітілген әлеуметтік топқа жатуы (көпбалалы отбасы, мүгедек жандар, толық емес отбасы және т.б.). Әлеуметтік баспана алу кезегі азаматтардың мұқтаждық деңгейіне байланысты анықталады және тұрғын үй қорында баспана пайда болған кезде кезектегі азаматтарға беріледі. Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік баспанамен қамтамасыз ету шараларының нәтижесінде көптеген отбасылар өздерінің тұрғын үй мәселелерін шеше алды. Мемлекеттің қолдауы арқасында тұрғын үй нарығында әлеуметтік баспанаға арналған ұсыныс артып, қолжетімді баспаналар саны көбейіп келеді. Әсіресе, елдегі көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік әлсіз топтар арасында баспаналы болу көрсеткіші айтарлықтай өсті. Қазақстандағы әлеуметтік баспанамен қамтамасыз ету шаралары халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау және қоғамдағы теңдік пен әділдікті нығайтуға бағытталған. Әлеуметтік баспана мұқтаж жандар үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды, себебі бұл шаралар елдегі тұрғын үй жағдайын жақсартуға, әлеуметтік әл-ауқат деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік баспанамен қамту шаралары одан әрі жетілдіріліп, барынша көп адамды қамтуға бағытталуы елдегі тұрғын үй мәселесін шешуге айтарлықтай үлес қосары сөзсіз.