АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

41
0
Бүгінде Нұрсәт шағынауданында 105, 106, 107, 108 көпқабатты үйлер ауласы абаттандырылып, көгалдандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге абаттандырылып жатқан аулаларды аралап, жұмыстардың барысын пысықтады.
Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта жыл соңына дейін 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Алаңшалар Тұран, Нұртас, Таскен және Өтеміс тұрғын алаптары мен елдімекендерінде салынады. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жөндеу жүргізіліп, балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылатын болады. Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерлерге ең алдымен балалар қауіпсіздігін ескеріп, тұрғындарды жайлылығы үшін құрылысты тиісті талаптарға сай жүргізуде тапсырды. Алаңшаларды орнатуда жергілікті тұрғындардың да ұсыныстарын ескере отырып, нысандарды өндірістік кестеге сай қолданысқа беруді ескертті. Айта кету керек, Абай ауданы аумағында 2023 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында 18 жоба жасалатын болады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды. Жобалардың жалпы құны 497,5 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе мөлтек аудандарында 15 әмбебап спорт алаңшасы, Асар, Достық, Қайнарбұлақ елді мекендерінде 3 спрат алаңшалары салынады. Атқарылар жұмыстар мұнымен шектелмейді. Бүгінде аудандағы мектептер саны – 29, жеке меншік — 16. Тапшылық — 7, мектеп жоқ елді мекен — 2. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда. Олар — Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп, Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп, Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.  Сонымен қатар бүгінгі таңда Абай ауданына қарасты 6 мәдени нысан бар. 2023-2024 жылдар аралығында аудан аумағын тағы төрт нысанмен толықтыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Шымсити» шағын ауданындағы «Конгресс холл», Көкбұлақ тұрғын алабыдағы «Көкбұлақ» мәдениет үйі, Қайнарбұлақ тұрғын алабының мәдениет үйі және Асар-2 шағын ауданында мәдениет үйін салу үшін жер телімі қарастырылуда. Бұдан бөлек, Абай ауданы аумағында емдеу мекемелерінің саны – 7 жеке меншік мекемелер саны – 11 құрап отыр. 2023-2024 жылдары ауданымызда денсаулық сақтау нысандардары салынады. Оның ішінде, Ынтымақ ш.а №14 емдеу орталығының филиалы болса, Қайнар бұлақ саяжайы және Қайнар бұлақ тұрғын алабына жеке инвестор есебінен 2024 жылы емхана салу үшін жер телімі қарастырылуда.