БІЛІМ ОРДАСЫНДА МАҢЫЗДЫ ШАРА ӨТТІ

91
0

Сыбайлас жемқорлық – бұл қоғамның дамуына үлкен кедергі келтіретін, әлеуметтік және экономикалық саладағы әрбір азаматтың құқықтары мен еркіндігін шектейтін, заңды және адамгершілік нормаларды бұзатын қоғамға қауіпті құбылыс. Ол тек мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдар деңгейінде ғана емес, күнделікті өмірде де көрініс тауып, азаматтардың құқықтарын таптап, әділдік принциптеріне нұқсан келтіреді. Осы себепті, сыбайлас жемқорлықты «қоғамдық індет» деп атау дұрыс, себебі ол қоғамның барлық саласын қамти отырып, оның дамуына, тұрақтылығына және азаматтардың өмір сапасына теріс әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың себептері әртүрлі және күрделі.

Оның негізгі себептері бірнешеу. Толығырақ тоқталайық. Төменгі жалақы және әлеуметтік теңсіздік — мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да лауазымды тұлғалардың жалақысы жеткіліксіз болғандықтан, олар жемқорлыққа баруға бейім болады. Бұл жағдай халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасындағы теңсіздікті күшейтеді. Құқықтық жүйенің әлсіздігі — заңдардың дұрыс орындалмауы, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жазаның жеткіліксіздігі немесе жазасыз қалу жағдайлары жемқорлықтың кең таралуына ықпал етеді. Мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігі — жемқорлыққа қарсы күресудің тиімді механизмдерінің болмауы, мемлекеттік органдардың өзара бақыланбауы жемқорлықтың өршуіне әкеледі. Сыбайлас жемқорлық қоғамға үлкен зиян келтіреді, оның салдары әртүрлі. Жемқорлық мемлекеттік бюджетке зиян келтіреді, себебі бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалады немесе ұрланады. Бұл жағдай экономиканың даму қарқынын бәсеңдетеді және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қиындатады. Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді. Ол байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты арттырып, қоғамдағы әділетсіздік сезімін күшейтеді. Сыбайлас жемқорлық халықтың құқықтық жүйеге, мемлекеттік органдарға және жалпы билікке деген сенімін төмендетеді. Бұл азаматтардың мемлекетпен өзара қарым-қатынасында негативті көзқарас тудырады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін әртүрлі шараларды қабылдау қажет. Жемқорлықпен күресу үшін заңдарды күшейту, жазаны қатайту және оның орындалуын қамтамасыз ету маңызды. Құқықтық реформалар жемқорлықты азайтуға бағытталған нақты қадамдардың бірі болуы керек. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің ашықтығы мен айқындығы жемқорлыққа қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың жұмысын жариялау, қаржылық операцияларды бақылау және азаматтардың мемлекеттік шешімдерге қатысуын қамтамасыз ету қажет. Қоғамдық ұйымдар мен азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Олар мемлекеттік органдардың қызметін бақылап, жемқорлық фактілерін жария ету арқылы қоғамдағы әділдікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Жастарға сыбайлас жемқорлықтың зияны мен оның қоғамға әсері туралы білім беру маңызды. Тәрбиелік бағдарламалар арқылы адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға болады. Сыбайлас жемқорлық – қоғамның денсаулығына үлкен зиян келтіретін қоғамдық індет. Ол экономиканың дамуына, азаматтардың өмір сапасына және құқықтық жүйенің тұрақтылығына теріс әсер етеді. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың, мемлекеттік органдардың және қоғамның ортақ міндеті. Бұл күресте ашықтықты, жауапкершілікті, әділдікті және азаматтық белсенділікті қолдай отырып, біз таза және әділ қоғам құра аламыз. Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып атсалысуымыз қажет. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Осы орайда, жастар мен жасөспірімдердің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Түркістан қаласындағы №23 Ж.Тәшенов атындағы мектеп-лицейінде ақпараттық-насихаттық топтың кездесуі өтті. Іс шараға Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспектор маманы Ж.Қалиева, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ-ның учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры О.Маткерим Қорабаевич, Түркістан қаласы Полиция Басқармасы Жергілікті полиция инспекторы, полиция капитаны Төреханов Қайрат Жалғасбайұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нарымбетов Ерғали, аға тәлімгер Керімбекова Айнұр қатысты. Жиында тақырып турасында кеңінен ақпараттар берілді.

Сыбайлас жемқорлық — бүкіл әлемде кездесетін күрделі және кең таралған мәселе, ол әртүрлі қоғамдық, экономикалық және саяси теріс жайттарға әкеледі. Бұл мәселе әрбір мемлекеттің дамуына теріс әсер етіп, халықтың өмір сапасын төмендетеді. Жемқорлық экономика или зиян келтіреді. Біріншіден, бұл шетелдік және отандық инвесторлардың сенімсіздігін арттырып, қаржының азаюына әкеледі. Инвесторлар құқықтық қорғау және тұрақтылық жағдайы нашар елдерде ресурстарын салуға аса құлықсыз болады. Екіншіден, жемқорлық мемлекеттік қаржылардың ұрлануына және тиімсіз пайдаланылуына алып келеді, бұл жалпы экономикалық дамуды баяулатады және бюджеттік шығындарды арттырады. Әлеуметтік жағынан жемқорлық әділетсіздік пен теңсіздікті күшейтеді. Жемқорлық бар жерде байлық пен билік тек азшылықтың қолында шоғырланады, бұл кедей және осал топтарды одан әрі қыспаққа ала түседі. Мұның өзі әлеуметтік наразылықтың өсуіне және тұрақсыздықтың артуына әкеледі. Соным қатар, денсаулық сақтау, білім беру және басқа на мемлекеттік қызметтердің сапасы нашарлайды, себебі қаражат жемқорлық арқылы жымқырылады немесе тиімсіз бөлінеді. Саяси тұрғыдан алғанда, жемқорлық үкіметтік институттардың сенімділігі мен тиімділігін төмендетеді. Жемқорлықтың салдарынан саяси шешімдер мен заңдардың айқындығы мен әділдігі күмәнді күйінде қалады, бұл демократиялық процестердің бұзылуына және заң үстемдігінің әлсіреуіне әкеледі. Осының салдарынан, үкіметтік басқаруға қатысты халықтың наразылығы артады, бұл өз кезегінде саяси тұрақсыздық пен үкіметке қарсы көтерілістердің пайда болуына жол ашады. Мәдени тұрғыдан жемқорлық азаматтар арасындағы адалдық пен әділеттілікке деген сенімді төмендетеді. Жемқорлық қоғамдағы моральдық нормаларды әлсіретіп, жас ұрпақтың моральдық көзқарастарына теріс әсерін тигізеді. Бұл жағдай ұрпақтар арасында жемқорлыққа төзімділікті арттырып, мәдени цинизмді қалыптастырады. Жемқорлықтың қоғамға әсері терең және кең ауқымды болып келеді. Ониң зардаптарымен күресу үшін жүйелі және тұрақты шаралар қажет. Мемлекеттік институттардың ашықтығын арттыру, заңдарды қатаң орындау, халықтың саяси және әлеуметтік белсенділігін күшейту және жастарға дұрыс тәрбие беру арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады.