КОНГРЕСС ХОЛЛ ҚАЗАН АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

42
0
Қаламызда салынып жатқан халықаралық деңгейдегі Конгрес-холлдың құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымсити шағынауданынында бой көтерген заманауи мәдени орталықтың құрылыс барысын қадағалады.
Осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын тексеріп, жауаптыларға орталықтың сапасы мен мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бүгінде құрылыс жұмыстарына 250 адам жұмылдырылған. Қазір мұнда әрлеу жұмыстары басталды.Конгресс-холл жаңаша, көп функциялы мәдени және ойын-сауық нысаны ретінде биыл қазанда пайдалануға беріледі. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық жағдай жасалуда.мЗаманауи ғимарат екі блокқа бөлінген, үш қабаттан тұрады. Бірінші блокта мәдени көпшілік іс шараларға, спектакльдерге арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2066 орындық көрермендер залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет бар. Екінші және үшінші қабаттарда көркемдік және киім-кешек бөлмелері, сахнаға қызмет көрсету үшін техникалық бөлмелер де бірінші блокта қарастырылған. Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы, қолөнер шеберлерінің шеберханалары, оның ішінде тоқу шеберханасы, керамикалық бұйымдар, ағаш, тері, киіз, зергерлік бұйымдар шеберханалары орналастырылған. Жалпы қалалық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, 2023 жылға ауқымды жоспар құрылған. Бюджет есебінен әлеуметтік салада 19 нысанның құрылысы жоспарланды. Оның ішінде білім саласында – 7, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында 1 нысаннан, ал спорт саласында 4 нысан салынбақ. Атап айтқанда үшінші мегаполистегі №№8, 65, 45 мектептерге қосымша ғимараттар (2000 орын), №4 өнер мектебі, әкімшілік-іскерлік орталықта және Тұран шағынауданында бір-бірден оқушылар сарайы және №10 колледжге қосымша ғимарат салынбақ. Қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан 6 нысан жыл соңына дейін аяқталады, ал 1 нысан 2024 жылға өтпелі. Ол – Тұран шағынауданындағы оқушылар сарайы, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.