ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

34
0
Шымкент қалалық N2 ауруханаға қарасты перзентханада үшем дүниеге келді. Дәрігерлер бүгін жас ана мен сәбилерді перзентханадан салтанатты түрде шығарып салды.
22 жастағы Ахилбек Жамиля үшемді — 2 ұл және 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Дәрігерлер келіншекті кесір тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Бұл отбасындағы тұңғыш сәбилер.
Мерзімінен бұрын туылған нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды.
Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте 28936 сәби туылған. Оның 14099- қыз баласы, 14837 ұл бала.