СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС: 2024 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ

13
0
2024 жылдың басынан бері Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс саласын бақылау бойынша бірқатар маңызды жұмыстарды жүзеге асырды. Жалпы, 861 құрылыс-монтаждау жұмысы туралы хабарлама тіркелген, оның ішінде 104-і бюджеттік қаражат есебінен, ал 757-сі жеке қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Қалада құрылыс сапасын бақылау жұмыстарымен қатар, заңсыз құрылыстарға қарсы күрес күшейтілді.
Құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау бойынша 891 өтініш қаралып, оның 284-і мақұлданды, 607 өтінішке бас тарту берілді. Сонымен қатар, 168 құрылыс нысанында 339 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл құқық бұзушылықтар негізінде жалпы сомасы 106 993 134 теңгені құрайтын айыппұл салынды, оның 72 770 826 теңгесі өндірілді. Заңсыз құрылыс нысандарына 115 хаттама толтырылып, 64 265 934 теңге көлемінде айыппұл салынды, оның 42 912 276 теңгесі өндірілді.
Құрылыс сапасына байланысты 36 нысан бойынша айыппұлдар салынды, жалпы сомасы 24 902 040 теңге болды, оның 16 456 590 теңгесі өндірілді. Сонымен қатар, үлестік қатысу заңнамасын бұзған 17 тұрғын үй кешеніне 17 832 360 теңге көлемінде әкімшілік хаттама толтырылды, оның 13 401 960 теңгесі өндірілді. Бұл шаралар қаладағы заңсыз құрылысқа қарсы күресті одан әрі нығайтуға бағытталған.