ҚҚС МӨЛШЕРЛЕМЕСІН АРТТЫРУ: МӘЖІЛІСКЕ САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ ТҮЗЕТІЛГЕН ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.

Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:

➤ Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету – 20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін;
➤ Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
➤ Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.