КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Қоғамның дамуы мен қаланың өркендеуі көлік жүйесінің тиімділігіне тікелей байланысты. Қала тұрғындарының күнделікті өмірі, өндірістің үздіксіз жұмысы мен әлеуметтік байланыстардың сақталуы – барлығы да жолаушылар мен жүк тасымалының сапасына тәуелді. Сондықтан көлік саласы қызметкерлерінің еңбегі – тек кәсіби міндет емес, бұл – үлкен жауапкершілік пен халыққа адал қызмет етудің үлгісі.
Осы жауапты салада аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға арналған ерекше құрмет көрсету күні Шымкент қаласында өтті. Республика күні мен Көлік қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада жол-көлік саласының үздік мамандары марапатталды. Іс-шараға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы әрі «Ынтымақ» салалық кәсіподағының төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев қатысып, салада абыроймен еңбек етіп жүрген қызметкерлерге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Марапат иелері қатарында «Ынтымақ» салалық кәсіподағының бастауыш ұйымдарына кіретін ірі көлік компаниялары – «TTK» ЖШС, «T-Bus» ЖШС және «Радуга-Транспорт» ЖШС ұжымдарының қызметкерлері бар. Бұл ұйымдар қаланың қоғамдық көлік жүйесінде маңызды рөл атқарып, тұрғындарды қауіпсіз және сапалы тасымалдауды қамтамасыз етіп келеді. «TTK» ЖШС компаниясының еңбегімен ерекшеленген қызметкерлері қатарында Кудайбергенов Нурсейт Ашимович, Байділда Тұрғанбай Маралұлы, Жакипбеков Ануар Сайлауович, Ордабаев Болатбек Маселбекович, Маматкаримов Ефрат Султанбекович және өз ісінің шеберлері Бунядханов Самандар Бунядханович, Асен Ерсұлтан Кеңесбайұлы, Мырзакулов Мият Бекмусаевич сынды азаматтар бар. Олар күн сайын мыңдаған жолаушының қауіпсіз әрі уақытылы жетуіне атсалысып, өз еңбегімен қаланың тұрақты қозғалысын қамтамасыз етіп отыр.
«T-Bus» ЖШС компаниясының өкілдері де марапат төрінен көрінді. Олардың ішінде Абдуллаев Бахтияр Абдугаппарович, Бекмурзаев Айдар Еллусинович, Жунисов Бекбол Ибрагимович, Жарасов Гани Аманкулович, Аяпов Кайрат Убайдуллаевич, Есенкулов Канат Серикбаевич, Нуримбетов Нуржан Ирисбаевич және Рысбаева Шолпан Сейтхановна сынды еңбек озаттары бар. Бұл қызметкерлер жолаушылар тасымалы саласындағы жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігімен танылып отыр. Ал «Радуга-Транспорт» ЖШС компаниясынан Жолаев Ералы Шеримович, Ералиев Омирбай Есалыулы, Есентаев Бахтиёр Артыкович, Гайфутдинов Рафаиль Шамсутдинович, Каракулов Асхат Есимханулы және Аринбаев Даулет Пардабоевич сынды азаматтар марапатқа ие болды. Әсет Сүндет Нұрғалиұлы бастаған өз ісінің майталмандары қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кәсіби шеберлігімен ерекшеленді. Барлығы 74 қызметкер өз еңбегінің нәтижесінде Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапат – олардың көпжылдық тәжірибесінің, кәсібіне деген сүйіспеншілігінің және еңбекқорлығының лайықты бағасы. Әрқайсысы жол-көлік саласының дамуына зор үлес қосып, қаланың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп келеді. Іс-шара барысында сөз сөйлеген Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев көлік қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтіп, олардың қоғамдағы орны мен рөлін жоғары бағалады. Ол өз сөзінде: «Көлік саласы — халық пен қаланың тынысы. Сіздердің табанды еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және ел алдындағы қызметтеріңіз – нағыз ерлікке пара-пар. Кәсіподақтар әрдайым еңбек адамдарының мүддесін қорғап, әлеуметтік қолдауды күшейту бағытында жұмыс істей береді», – деді. Мерекелік жиында ұжымдық бірлік пен өзара сыйластықтың маңызы да ерекше атап өтілді. Себебі көлік саласында әрбір қызметкердің еңбегі бір-бірімен тығыз байланысты. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана сапалы қызмет көрсетіп, халық сенімін ақтауға болады.



