Алауыздықты айғақтайтын аярлық бұл

288
0

Изображение 018Қазақ халқы үш жүзге бөлінгенімен, жаугершілік замандарда бір атаның балаларындай бірігіп, қалың жауға тайсалмай тойтарыс беріп,елімізді қорғап отырған. Ал, енді мына жайға назар аударалық. Оңтүстік Қазақстан облысын «Техас» деп айтып жүргенімізді былай қойып, бүгіндері жүзге де бөлінетін болып жүрміз. Тіпті, «Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз» деп көліктердің сан белгісіне де жазылатын болыпты. Бұл қаптама сатылымға шығып та үлгерген. «Бөлінгенді бөрі жейді» дегенді қасақана естен шығарып, мұндай қаптаманы ойлап тапқан кәсіпкер, қазақты бір-біріне жауластырмақ мақсатпен ойлап тапқан деп білеміз. Қаптама Оңтүстікке сырт жақтан арнайы әкелінген сияқты. Себебі, Оңтүстікте халқымыз тығыз топтасқан, салт — дәстүр берік  сақталып отыр. Ендігі айтарымыз, қаптаманың көбеюіне жол бермей, оның алдын алғанымыз жөн. «Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады» дегендей, қаптаманы әкеліп, тұтастығымызға іріткі салып жүрген жанды тез арада тауып, жауапкершілікке тартқанымыз жөн. Жағымсыз «жылтырлыққа» әуес болмай, ұлттық мүддені жоғары қоялық, ағайын!

Венера Қабылбекова.