DIGITAL QAZAQSTAN 2026 АЛАҢЫНДА 30-ДАН АСА ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Стартап алаңға жас компаниялар өз идеяларын мыңдаған қатысушыға, соның ішінде инвесторларға, сарапшыларға және бизнес өкілдеріне таныстыруға мүмкіндік алады. Көрмеде таныстырылған жобалар қатарында Astana Hub қатысушылары бар. Олар EdTech, MedTech, киберқауіпсіздік, өнеркәсіптік технологиялар, цифрлық медиа және бизнес-процестерді автоматтандыру бағыттарында шешімдер әзірлейді.
«Digital Qazaqstan – елдегі технологиялық және стартап экожүйесін дамытуға арналған маңызды алаң. Ол мемлекет, ірі компаниялар мен технологиялық ұйымдарды жасанды интеллектке негізделген ауқымды трансформация міндеттері төңірегінде біріктіреді. Форум алаңында біз сөйлеу ерекшеліктері мен өңірлік тілдік контексттерді ескере отырып әзірленген, түркі тілдеріне арналған ең ірі ASR моделін таныстыруды жоспарлап отырмыз. Astana Hub-пен стратегиялық әріптестік аясында дамып жатқан бұл технология қазірдің өзінде компанияларға мемлекеттік тілде клиенттермен сапалы әрі тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр», – деді Cybernet AI стартапының Орталық Азия өңірі бойынша басқарушы серіктесі Данияр Омурзаков.



