Ұлттық құндылығымызға қырын қарамайық

241
0

ОҚО әкімі А.Мырзахметовке
ОҚО Мәслихатының хатшысы Е. Құдайбергенге
Шымкент қаласының әкімі Д. Сатыбалдыға
3578Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағалы да 22 жыл болыпты. Үш ғасырға жуық уақытқа созылған бодандық қамытын сыпырып, бостандықпен қауышуымызды халқымыздың тынымсыз күресі мен елдің ынтымақ-бірлігінің арқасындағы еңбегі орасан екендігі даусыз. Тәуелсіздіктің 22 жылында Қазақстан қалыптасу мен дамудың ғажайып жолынан өтті. Сондықтан, біз еліміздің тәуелсіздігімен қалай мақтансақ, елімізді ерен биіктерге көтерген Елбасымызбен де солай мақтануға қақымыз бар.


Қазақстандықтар жан-жағына жалтақтамай, болашақ өмірлеріне алаңдамай еңбек ететін жағдайға жетті. Қазақстанның мемлекет ретінде толық қалыптасқанына да, бар қиындықты жеңіп, аяғынан тік тұрғанына да, бүгініміз кешегіден, ертеңіміз бүгінімізден артық және жарқын болатынына толық көз жеткіздік.
Ал енді, айтайын дегеніміз де, өздеріңізге жеткізер өтінішіміз де жеке бастың қамы емес, халық үшін, елдің игілігі үшін екендігін ескергейсіздер. «Бабаларымыз тірі болу үшін болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек» деген Елбасымыздың сөзінде тарихи шындық бар. Қазақ халқының іргелі ел болып ұйысуына, керегесінің берік те, кең болуына кешегі өткен хандарымыз бен, билеріміздің, шешендеріміз бен батырларымыздың қосқан үлестері өлшеусіз. Оларға бүгінгі Қазақ елінің билігі қандай құрмет көрсетсе де жарасары анық. Олардың рухын көтеру арқылы бүгінгі қазақстандықтарды, жастарды отансүйгіштікке, елдің бірлігі мен ынтымағын арттыруға, мемлекетіміздің нығаюына үлкен септігі тиері даусыз. Сондықтан да, Сіздерді ұлағатты істің ұйытқысы болуға, елдің мәртебесін асыруға, кешегі өткен хандар мен батырлардың абыройларын аспандатуға шақырамыз.
Сол үшін:
1. Облыс орталығы – Шымкент қаласының бас көшесін иемденген
Тәуке хан бабамызға еңселі ескерткіш орнатуға;
2. Ақназар хан көшесіне осы бабамыздың ескерткішін орнатуға;
3. Қорғасын зауыты аймағындағы көпшілікке белгісіз, атын атауға да ұялатын, ұзындығы бар-жоғы 25-30 метрлік Абылай хан атындағы өткелді жауып, бар қазақтың мақтанышына айналған айбынды ханымызға жаңадан салынып жатқан әкімшілік аумағынан ауқымды көшенің бірін беруге және ескерткіш орнатуға;
4. Кенесары хан атына да Шымкент қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік аумағынан ауқымды көшенің бірін беруге;
5. Жаңадан салынып жатқан әкімшілік аумағынан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының салынуына және осы жерден хандарымыздың, билеріміздің,батырларымызды құрметіне саяжол (аллея) ашылуына ықпал етулеріңізді сұранамыз. Бұл біздің елдігіміз, келешегіміз үшін құнды да, кезек күттірмес мәселе екендігі анық. Сіздерден осынау оң бастамаға қолдау көрсетумен қатар, тарихи маңызы зор іс-шарадан сырт қалмайды деп сенеміз.
1. Сүлейменов У.  Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің  төрағасы,Жетісай, Сарыағаш, Қазығұрт, аудандарының құрметті азаматы
2. Шүкірбеков Б. Социалистік ЕЕ, Арыс   ауданының құрметті азаматы.
3. Халменов Қ.  Генерал-майор, ҚІІ Министрлігінің бұрынғы қызметкері.
4. Бопова Д. ОҚО-ның, Шымкент қаласының, Арыс ауданының құрметті азаматы.
5. Жақсыбаев А. Шымкент қаласының құрметті азаматы, бұрынғы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
6. Мұсақұлов А. Ғалым, профессор.
7. Қуатбеков  Ә.  Халықтар Достығы университетінің  президенті.
8. Шілтеханов А. Қоғам қайраткері, жазушы.
9. Сүгіралиев А. Зейнеткер, Төлеби ауданының құрметті азаматы.
10. Әлібеков С. Арыс, Ордабасы аудандарының құрметті азаматы, зейнеткер.
11. Жүнісбеков М. Арыс ауданының құрметті азаматы, бұрынғы партия, кеңес қызметкері.
12. Абамуслимов Ө.  Зейнеткер.
13. Кенжеев Ж.  Зейнеткер.
14. Омарханов Б.  Кәсіпкер.