БАҚ өкілдері марапатталды

290
0

сканирование0005Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жас кәсіпкерлерді қолдау одағы «Жас кәсіпкер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жемқорлықтың алдын алуға қарсы күрес тақырыбындағы ең үздік және мазмұнды журналистік материалдарды айқындау мақсатында жарияланған байқаудың қорытындысы кеше шығарылып, оның жеңімпаздары марапатталды.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды насихаттауға баспа бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту, осы заманғы қоғамдағы жемқорлық тақырыбына жастардың назарын аудару еді, ол бұл ретте мақсатына жеткен секілді.
Байқау ережесі талаптарына және түскен ұсыныстарға алғашқы жүлделі орын «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», екінші орын республикалық «Уақыт», үшінші орын «Оңтүстік Рабат» газеттеріне беріліп, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

В.ҚАБЫЛБЕКОВА.