Сот жарты жылды сараптады

211
0


ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов баспасөз мәслихатын өткізді. Оған Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқаларының төрағалары қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 11 қадамының орындалуын және сот жүйесінің түбегейлі жаңғыртылған жаңа моделі құрылып, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау аясы кеңейтілгенін атап өтті.
«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан соттар үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшті. Бұл бірінші және апелляциялық сот сатыларының рөлін айтарлықтай күшейтіп, облыс соттары жұмысының тиімділігін арттыруға өз септігін тигізуде» деді ол.