МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАРИХИ-КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

175
0

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұжымы қасиетті, киелі орындарға сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Музейдің қорғау аймағына кіретін «Жәудір ана» және «Құмшық ата» тарихи ескерткіштеріне барар жол жиегіндегі түрлі қоқыс қалдықтары тазаланып, арнайы техникамен қала сыртына шығарылды.
Ұжымның мақсаты жер қойнауында сыр бүккен, ұлт тамырының негізі саналатын жәдігерлерге құрметпен қарауды қалың көпшілікке іс жүзінде дәлелдеу. Осы бағытта тазалық жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Бұл жөнінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлері өздерінің аталған шараларын рухани жаңғырудың бастауына балап, халықтың осы іске құрметпен қарауына және оны одан әрі іске асыру жұмыстарына атсалысса дейді.
Осылайша қызметкерлер жаппай сенбіліктен соң жергілікті тұрғындарға бей-берекет қоқысты тастамау, киелі орындарды құрметтеу жөнінде ескерту жұмыстарын да ұмыт қалдырмады. Бұл ретте музей ұжымының жұмысын еліміздегі қасиет тұнған әрбір аймақтың тұрғындары үлгі тұтып, киелі орындарға құрметпен қараса деген ниеттеміз.
%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

01