ТӨЛЕБИЛІКТЕР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

175
0

Жыл сайын, 30 тамызда, қазақстандықтар ең басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Конституция Күнін тойлайды. Биыл еліміз 23-ші рет осы атаулы мерекені тойлауда. Мерекеге дейін әлі де уақыт бар болғанымен, атаулы датаға орайластырылған шаралар ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде тойланып жатыр.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне арналған мерекелік шара өтті. Шара басталар алдында Мәдениет үйіндегі сахнаға Республикамыздың мемлекеттік рәміздерін салтанатты түрде алып кірді.
Мерекелік шарада аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан прокуроры Дәулет Тілемісов көрермендерге құттықтау сөздерін арнап, белсенді және адал еңбектері үшін алғыстарын білдірді.
Аудан әкімі: «Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген сөзін басшылыққа ала отырып, Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы екенін әрдайым естен шығармайық!»,- деп, 9 азаматқа Алғыс хат табыстады.
Мерекенің ресми бөлігі аяқталған соң, ауданның үздік әртістері жаңа концерттік бағдарламасын ұсынып, көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

58