ШАРДАРА СПОРТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ
2018 жылдың 27-29 тамыз күндері Түркістан қаласында облыстық » Халық спорты ойындары» спартакиадасы болып өтті. Спартакиаданың мақсаты алдымыздағы қазан айында Ақтау қаласында өтетін республикалық спартакиадаға облыс құрамысын іріктеу болып саналды.
Спарптакиада спорттың 14 түрін қамтыды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, әлемнің 2 дүркін чемпионы Шынболат Райханов бастап барған спортшыларымыз барлық дерлік спорт түрлерінде жоғарғы жетістіктерге қол жеткізіп жалпыкомандалық есепте 1 орынға қол жеткізді. Бұл нәтиже қазіргі таңда Шардара спорты облысымызда көшбасшы екенін дәлелдеді. Осы тұста осы жоғарғы жетістікке жетуде аянбай еңбек еткен спорт мектептер басшылығының және бапкерлеріміздің де орасан зор еңбектеріне алғыс сезімімізді білдіреміз.
Спорт түрлері бойынша нәтиже:
Қазақ күресі — 1 орын
Армрестлинг- 1 орын
Гір көтеру спорты- 1 орын
Воркоут- 1 орын
Жағажай волейболы(қыздар)- 1 орын
Классикалық волейбол(қыздар)- 2 орын
Классикалық волейбол(ерлер)- 3 орын
Жағажай волейболы(ерлер)- 3 орын
Тоғызқұмалақ- 3 орын
Президенттік көпсайыс- 3 орын
14 спорт түрі бойынша жалпыкомандалық 1 орын.
«Шардараспорт-ақпарат»