«ОТЫРАРДАҒЫ» 24 ҮЙГЕ ГАЗОСИГНАЛИЗАТОР ҚОЙЫЛДЫ
Түркістан қаласы аумағында 482 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы бар. Олардың ішінде 129 отбасының үйіне Түркістан қаласы әкімдігі есебінен газосигнализатор құрылғысын орнату жоспарланған.
Осыған сәйкес өткен аптада Түркістан қаласындағы «Отырар» секторына қарасты 24 үйге газосигнализатор орнату жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың улы газдан улануын алдын алу мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау болып табылады.
Өз кезегінде Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлері қала тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады.