АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНА – АҚЫЛЫ ДАРА

181
0

Елбасымызыдың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында Шақпақ елді мекенінің әжелер алқасының төрайымы Мамырова Пернеш әжеміз бен орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен жас отбасыларды әдет-ғұрыптарға баулу, қазақ келіндеріне салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында «Ақ жаулықты ана – ақылы дара» атты тәрбиелік-танымдық кеш өтті. Іс-шара барысында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Разия Кенішбаева тақырыптық баяндама жасады.
Іс-шара барысында Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы», әнші-сазгер Нышан Төлегеновтің орындайында «Домалақ ана», «Алғабасым» әндері, Пернеш Мамырованың орындайында «Туған жер», Бижанов Алпыс атамыздың орындауында «Анашым», Сағындықова Айшахардың орындауында «Анамның жаққан ошағы» әндері шырқалды.
Танымдық кешке Алғабас ауылдық округі әкімі Марат Битанов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әтірбек Бақтайбеков, ауданның төбе биі Сағымбай Жұманов, Алғабас ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Атақұл Әбдірахым, Алғабас ауылдық төбе биі Тұрғанбек Иманбаев, облыстық ардагерлер Кеңесінің баспасөз хатшысы, республикалық «Ардақты ардагер» журналы бас редакторының орынбасары Балзия Тәжібаева, Созақ ауданының әжелер алқасының төрайымы Мәруа Қайыржанова, ардагер ұстаз Ергешәлі Әбдіразақов, Шаян ауылы әжелер алқасының төрайымы Әтір Әлиева, ауданның «Құрметті азаматы», «Зейнеткер тынысы» газетінің бас редакторы Тұржан Серікбай, , ауданның «Құрметті азаматы», мәдениет майталманы Әуесхан Есенжолов қатысып, ұлт тәрбиесіндегі қыз баланың, жас ананың рөлін, жаһандану заманындағы бала тәрбиесін талқыға салды. Сонымен қатар, бұл кешке аудандық БАҚ өкілдері, аудандық мәдениет үйінің әдіскері, аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мамандары, орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері,көп балалы «Батыр аналар», ауыл тұрғындары мен жас келіндер қатысты.

11