ЖОҒАРҒЫ СОТ ВЛАДИСЛАВ ЧЕЛАХТЫҢ ӨТІНІШІН ҚАНАҒАТТАНДЫРМАДЫ

177
0

Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша кассациялық алқасы Владислав Челахтың үкімді қайта қарау және 30 миллион теңге өтемақы төлеу туралы өтінішіне қатысты қаулы шығарды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан хабарлаған.

«Сотталушы Владислав Челахқа қатысты Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери сотының 2012 жылдың 11 желтоқсанындағы үкімін, Әскери соттың қылмыстық істер бойынша апеляциялық сот алқасының 2013 жылдың 6 ақпанындағы қаулысын, Жоғарғы Соттың кассациялық сот алқасының 2013 жылдың 21 маусымындағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, Челахтың өтініші қанағаттандырылмасын», — деп оқыды шешімді алқа төрағасы Абай Рахметулин.
Сотқа судья Абай Рахметулин төрағалық етті, сондай-ақ судьялар Айдан Нұрбеков пен Лариса Шепелева қатысты.
2017 жылы қарашада БҰҰ комитеті Қазақстан Челахтың ісін қарау кезінде халықаралық азаматтық және саяси құқықтар пактісін бұзды деген шешім шығарды. БҰҰ комитеті өз шешімі туралы Қазақстанның Бас прокуратурасын хабардар етті.
Бас прокуратураның ұсынысы бойынша Челах Жоғарғы сотқа жүгінді. Отырысқа Челах қатысқан жоқ.