Мұнайдан түскен қаржы мазалайды

389
0

Мұнайдан түскен миллиардтаған қаржыны қазақстандықтарға теңдей етіп бөліп беру қажет. Сенатор Ғани Қасымов бейсенбі күні Үкімет басшысына осындай сауал жолдады. Оның айтуынша, бұл әрбір қазақ азаматының жеке инвестор болуына қолайлы болмақ. Мұндай ұсынысты бастапқыда Нобель сыйлығының лауреаты Эдвард Прескад Астанадағы экономикалық форумда айтқан болатын. Әлем таныған ғалымның Қазақстанға айтқан ақылын енді сенатор да мақұлдап отыр. Осылайша 16 миллион азаматқа есепшот ашып, мұнайдан түскен пайданы теңдей бөлісуді сұрады. «Бұдан шығатын негіз, әрбір қазақстандықтың инвестор болуға құқы артады. Мен осыған орай, ішкі сұранысқа нақты қанша мұнай қажет екенін анықтауды сұраймын және мемлекет тұрақты бағаны бекітсін. Егер осындай  бастама құпталса, халық тұтынатын өнімдердің де бағасы біршама арзандар еді» дейді ол.