«СЕРГЕК» ЕРТЕҢГЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІҢ КЕПІЛІ

230
0

Жыл сайын жол-көлік оқиғаларының көбеюі қоғамды алаңдатып отыр. Билік жол үстіндегі айтып келмейтін апаттардың алдын алу үшін барлық шараларды қолға алуда. «Сергек» жобасының жүзеге асуы соның жарқын мысалы.

Шымкентте де қолға алынған «Сергек» жобасы бойынша ілінген бақылау камералары ағымдағы жылдың 5-сәуірінен бастап толықтай жұмыс істеуге көшкені белгілі. Көлік тізгіндегендердің жол ережелерін сақтау бойынша барынша сергектік танытуына ықпал ететін «Сергек» камералары қаланың көлік нөпірі тығыз 30 жеріне ілінгенін айта кетейік. Олар: «Алматы-Ташкент-Термез» трассасының Әл-Фараби, Молдағұлова, Мүсірепов көшелерімен қиылысы, Түркістан трассасының Бақбаев көшесімен қиылысы,  Гагарин көшесінің Алпысбаев, Кентаев көшелерімен қиылысы, Республика даңғылындағы («Рахат» аялдамасының төңірегі мен «Қазығұрт» шағын ауданынының бұрылысына жақын аумақ, Төлеметов көшесінің Өтегенов көшесімен қиылысы және Н.Назарбаев атындағы мектептің алды,  Өтегенов көшесінің Шәкіров көшесімен қиылысы және  Жанаша моншасының алды, Қонаев даңғылындағы -«Рояль»фитнес-клубының алды, Бәйдібек би даңғылындағы «Гранд Береке» кафесінің,  «Алтын сарай» мейрамханасының алды,  Арғынбеков көшесіндегі «Көркем» мейрамханасының алды, Жібек жолы көшесінің Арғынбеков көшесімен қиылысы және «Шин-лайн» дүкенінің жаны, Жібек жолы көшесі бойындағы университет жаны және т.б. орындар.

«Сергек» жобасы мемлекеттің  электронды қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді енгізу, сондай-ақ, тексерулерді тағайындау үдерісін автоматтандыру тапсырмасы бойынша қолға алынған.

Өз кезегінде Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айнұр Юсупова «Мақсат халыққа айыпппұл салып, қалтасындағы қаржыны қағу емес, жолдағы заң бұзушылықты болдырмай, адам шығынымен аяқталатын жол көлік оқиғаларының алдын алу» деп баса айтуда.

«Уақыт».