БИЫЛ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНДА 7 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

215
0

Биыл Түркістан қаласында құрылысы қарқын алған жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы 7 нысан пайдалануға беріледі. Олар, облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, саябақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы.

Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев журналистермен өткізген баспасөз-конференциясында мәлімдеді.
Сондай-ақ ол, жаңа әкімшілік іскерлік орталығында жалпы 17 нысанның құрылысы басталып кеткенін айтты. Бұдан бөлек Өмірзақ Естайұлы азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы аймағында радиусы 15 шақырымды құрайтын азық-түлік және жасыл белдеу қалыптастыру жобасы басталғанын мәлімдеді.
uakit.kz