ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АПАТ ОРЫН АЛҒАН АРЫСҚА БЕТ АЛДЫ

226
0

Аптаның алғашқы күнінде Түркістан облысы, Арыс қаласында апатты жағдай тіркелді. Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жарылыс орын алды. Осыған байланысты аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды uakit.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Орын алған жағдайға байланысты Арыс қаласының әкімдігі «24 маусым сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне №44856 әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ Шымкенттегі кинологиялық қызметтің 23 адамы аттандырылды. Қазіргі таңда оқиға орнында өрт сөндіру шаралары мен эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда», — деп ресми мәлімде жасады.
Осы жағдайға байланысты Түркістан облысы әкімдігінің басшылық құрамы оқиға орнына аттанып кетті. Болған жағдайға байлансты Шымкент қалалық ТЖД шұғыл желі құрды. ҚР Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратып, осы уақыттағы жағдай бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқтығын, және министрлік тарапынан оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілгенін хабарлады.
uakit.kz