АБАЙДАҒЫ 10 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ АҚСАП ТҰР
Шымкент қаласы, Абай ауданындағы бірқатар елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі ақсап тұр. Мәселен. ауданда 34 елді мекен бар болса, соның 24-і немесе 76,5 пайызы сапалы ауыз сумен түгел қамтылған. Ал қалған 10 елді мекен тұрғындары жер асты суын тұтыну немесе тіршілік нәрін тасып ішуден басқа амалы қалмауда
Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықтағы брифингте Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов мәлімдеді.
Сонымен қатар ол, алдағы жылы аудандағы елді мекендердің ауыз су жүйесіне қосылу көрсеткішін 81,7 пайызға жеткізу жоспарлануда екенін айта келе: «Ақжар», «Айкөл» елді мекендеріне ауыз су жүйелерін тарту жұмыстары биыл аяқталады. Ал 2020 жылы «Жаңаталап» тұрғын алабында су жүйесін тарту жұмыстары басталады. Сондай-ақ, келер жылы 2 млрд. 168 млн. теңгеге «Жаңаталап», «Қызылжар», «Игілік», «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Көкбұлақ» тұрғын алабтарындағы 3 707 үйге ауыз су жүйесін жүргізу жоспарлануда»,-деді.
Осы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылаған Ғалымжан Әнуарұлы бүгінде қалалық энергетика коммуналдық шаруашылық басқармасы
«Ақтас», «Солтүстік саяжай», «Ынтымақ-2», «Батыс» елді мекендеріндегі 11 мыңнан астам тұрғын үйге ауыз су жүйесін тарту үшін тиісті жобалық-сметалық құжаттар дайындап жатқанын айтты. Бұл үшін бюджеттен 86,1 млн. теңге қаралған.
uakit.kz