БӨЛМЕ ІШІНДЕГІ ТҰРМЫСТЫҚ ЗАТТАР ТОЛЫҚ ЖАНҒАН
Ағымдағы жылдың 29 тамызында күндізгі сағат 11:54-те Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Тұрғыт Озал көшесіндегі үйлердің бірінде өрт болып жатқаны хабарланады.
Хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына сағат 12:03-те жеткен кезде жеке тұрғын үйдің балалар бөлмесінің ішінде тұрмыстық заттар және компьютердің жанғанын анықтайды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Орын алған оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер азаматтардан электр құралдарын пайдалану ережесін сақтауды ескертеді.