АРАҚ ІШІП, КӨЛІК АЙДАҒАНДАР КУӘЛІКТЕН ӘП-СӘТТЕ АЙЫРЫЛАДЫ

179
0

Өткен сенбіден бастап елімізде өзгеріс енгізілген бірқатар заңдар күшіне енген болатын.  Солардың бірі алкогольді ішімдік ішіп алып, көлік тізгіндегендерге көрілетін жазаның күшейетіндігі еді. Осы заң боййынша тәртіпті сақтамаған алғашқы тұрғынды сақшылар Қарағанды қаласынан анықтады.

Қарағанды тұрғыны екінші рет мас күйінде көлік жүргізгені үшін бес жылға дейін сотталып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы Sputnik.kz Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабрлады.


«Сенбі, 11 қаңтарда полиция қызметкерлері Қарағанды ​​қаласының 37 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатты. Ол 2018 жылы соттың шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылып, тағы да мас күйінде рөлге отырған», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Алмаз Саламатов.

Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды. Өз кезегінде облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Алмаз Саламатов  бұл азаматтың өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін екенін алға тартуда. Бұл мас күйінде көлік құралын жүргізу жауапкершілігін күшейтетін заң күшіне енгеннен кейін Қарағанды ​​облысында жасалған алғашқы құқықбұзушылық. Полиция департаменті барлық құқық бұзушыға осындай қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

uakit.kz