«ДӘРМЕН» ҚОСЫМШАСЫ ДАБЫЛДЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ЕСКЕРТЕДІ

166
0

Қыс мезгілінде дауылды ескертулер  туралы хабарламалар жиі таратылады. Соған қарамастан жолаушылардың алыс жолдарға шығып, қар   құрсауында қалып қою жағдайлары жиі кездеседі. Осындай оқыс жағдайларға тап болмас үшін тұрғындар синоптиктердің болжамын қадағалап, көктайғақ, боран мен бұрқасын болады деп хабарланған жолдар туралы ақпараттарға құлақ түріп жүруі қажет. Бұл ретте «Дәрмен» мобильді қосымшасын  пайдаланудың тиімділігі көп. Ақысыз әрі тиімді қосымшада төтенше жаңдайлар туралы хабарламалар СМС  хабарламаларға қарағанда жылдам келеді. 

Смартфондар мен планшеттерге арналған мобильді қосымша өз қолданушыларына оқыс жағдайлардың туындауы мен қаупі, ауа райы құбылыстары туралы дер шағында хабар береді. «Дәрмен» қосымшасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.

Бұл туралы мәліметті Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Мадияр Жақсибаев  айтты.

Өз кезегінде ол тұрғындардың облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы мәліметті қосымшадан бөлек, «112» немесе 33-74-84 телефондары арқылы  да білуге болатынын мәлімдеді.

uakit.kz