Берік БЕКЖАНОВ, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы: «ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША 608 ТЕКСЕРУ ӨТКІЗІЛДІ»

195
0

Шымкент қаласы бойынша 422 бастауыш  кәсіподақ ұйымының 34000-нан астам мүшесі бар. Сонымен қатар, қала аумағында 16 бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, оған 826 мүше тартылған. Үшжақты комиссиямен жалақы қарыздарын шешу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып, 2019 жылдың қорытындысымен 10 мекеменің 1293 жұмыскер алдындағы 192,8 млн. теңге жалақы қарызы бар екені анықталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1220 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалып, оларға жалпы 179,0 млн. теңге жалақы қарызы төленген. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда. Жүйелі жүмыстардың нәтижесінде 2018 жылмен салыстырғанда былтыр жұмыскерлерге жалақы қарызының соммасы 106 млн. 200 мың теңгег азайған.

Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов мәлімдеді.

2019 жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланған брифнгте Берік Айдарбекұлы  

есепті кезеңде  51 жазатайым оқиға орын алып,  салдарынан 58 адам зардап шеккенін, оның ішінде қайтыс болған адам саны – 9, ауыр жарақат алған адам саны – 22, жеңіл жарақат алған адам саны – 27 болғанын атап өтті.

Кәсіподақ бірлестігіне мүше 8484 адам оқытудан өткен. Жалпы жұмыс жасайтын 1552 еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың 1512-сі немесе 97,5% біліктіліктерін көтерген. Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 608 тексеру өткізілген. Оның  134-і жұмыскерлердің бастамасымен жүргізілген.Нәтижесінде 538 еңбек заңдылықтарын бұзушылық анықталып, ол ескертпелер толығымен түзетілген.  Кәсіподақ ұйымдары 78 еңбек дауын шешуге және 9 жазатайым оқиға орын алған жағдайларды зерттеуге қатысқан. Барлығы 57 жұмыс орны аттестаттаудан өткізіліп, өндірістік кеңес жұмыстарындағы еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша 126 семинар өткізілген.

Осы деректерді алға тартқан Берік Айдарбекұлы ұжымдық шарт жасасудың жағдайына да тоқталды. Ол:

– 2019 жылдың басында жұмыс жасап тұрған жалпы 21661 кәсіпорынның 1063-де (4,9%) ұжымдық шарт жасалған, ал 20598 (95,1%) жекеменшік кәсіпорында ұжымдық шарттар жасалмаған.  Өйткені оларда кәсіподақ ұйымдары ашылмаған. Жасалған 1063 ұжымдық шарттың 238-і мерзімі өтуіне байланысты барлығы жаңа мерзімге ұзартылып жасалған. Ал 178 ұжымдық шарт қайта жаңадан жасалған,-деді.       

uakit.kz