ШЫМКЕНТТЕ АЛДАҒЫ ЕКІ КҮНДЕ «ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Акция аясында полицейлер жүргізушілердің сұрақтарына жылдам жауап беретін болады.

Шымкентте ағымдағы жылдың 14-15 ақпанында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен стационарлық полиция бекеттерінде «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтеді.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жолдағы қабылдау» шарасы таңғы сағат 9:00-де басталып, кешкі сағат 19:00-ге дейін жалғасады.
Акция аясында полицейлер азаматтарға шетелдерден сатып алып, ел аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу жөніндегі мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндіреді. Сонымен  қатар айыппұлдар, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер мен көші-қон мәселесі бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.
Шымкенттегі «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өткізілетін орындар:
1) Шымкент қаласы «Достық» мөлтек ауданында орналасқан Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы;
2) Шымкент қаласы Қ.Төлеметов көшесі бойында орналасқан Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы;
3) Шымкент қаласы «Бекжан» базары жанында орналасқан Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы.

Стационарлық полиция бекеттерінде:
1. «Обелиск» бекеті (Төреқұлов — Рысқұлбеков көшелері қиылысында орналасқан);
2. «Жаңа шахар» бекеті (Мангельдин — Темірлан тас жолы көшелері қиылысында орналасқан);
3. «Гагарин» бекеті (Кремлевская — Гагарин көшелері қиылысында орналасқан);
4. «Асқаров» бекеті (Асқаров көшесі бойындағы «Москва» түнгі клубының алдында орналасқан );
5. «Ынтымақ» бекеті (Ахунбабаев көшесі бойындағы «Ынтымақ» тойханасы алдында орналасқан);
6. «Бадам» бекеті («Бадам» өзені маңында орналасқан);
7. «Көл» бекеті (Ташенов көшесіндегі «Көл» аялдамасы маңында орналасқан);
8. «Гарант» бекеті (Байтұрсынов — Тәуке хан көшелерінің қиылысында орналасқан);
9. «Имран» бекеті (Тәуке хан — Қонаев гүлзары көшелерінің қиылысында);
10. «Орталық саябақ» бекеті (Қазыбек би — Майлы қожа көшелерінің қиылысында);
11. «Тәуелсіздік» бекеті (Тәуелсіздік саябағында орналасқан);
12. «Доня» бекеті (Уәлиханов көшесі бойында орналасқан);
13. «Теріскей» бекеті (Рысқұлов көшесі бойында орналасқан);
14. «Көктем» бекеті (Жібек жолы көшесі бойында орналасқан );
15. «Евразия» бекеті (Рысқұлов көшесі бойындағы «Евразия» базары маңында орналасқан).

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз